Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан, сонымен қатар әлем бойынша ауданы жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстан өзін ресми түрде демократиялық ел деп атайды және зайырлы әрі унитарлық мемлекет болып табылады. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Отанымыз тәуелсіз ел ретінде атанды. Еліміздің астанасы – Астана қаласы(диктатордың құрметіне Нұр-Сұлтан деп аты өзгертілді). Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық тіл мәртебесіне ие. Ұлттық валюта – теңге. Қазақстанның батысы мен солтүстігі Ресеймен, шығысы Қытаймен, ал оңтүстігі Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шекаралас. Қазақстан тәуелсіздікті 1991 жылы 16 желтоқсанда алды, ал бұған қазақтардың Ресей мен Кеңес одағының құрамындағы 300 ден астам көтерілісі, қазақ елінің 1929-32 ж. кездегі ашаршылыққа ұшырауы, Қазақ кеңестік республикасының алғашқы үкіметі Алаш орданың басшылығы мен қазақ зиялыларын өлтіру, жаппай қуғын-сүргін және 100 мың мемлекет азаматтарын концлагерьге жіберу, 25мың адамды ату, 1,3 миллионнан астам адамға зиян тигізген Семей ядролық полигоны ашылуы жол салды.

1986 жылдың 16 желтоқсанында қазақ жастары бейбіт шеруге шықты, бірақ, билік шеруге шығушыларға күш қолданды. Бейресми деректер бойынша 174 адам қайтыс болды және 1700 адам ауыр дене жарақатына ұшырады.

Коммунисттік партияның Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н. Назарбаев, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 30 жыл бойы елді жеке өзі басқарды. Н. Назарбаев барлық билікті өз қолында шоғырландырып, авторитарлы билік жүйесін қалыптастырды. Қазақстанның жер асты қазба байлықтарын тонап, қазақтың жерін сатты. Мемлекетте сыбайлас жемқорлық, кедейшілік, көптеген заңсыздықтар орын алуда.

©Altyn-orda.kz

Әлемдегі демократиялы елдердің деңгейімен салыстырғанда, Қазақстан 167 мемлекеттің 139 шы орнында тұр.

Қазақстан шикізат өндіруші ел. Еліміздің минералды-шикізат базасы бес мыңнан аса кен орындарынан тұрады. Олардың болжау бойынша құндары, АҚШ тың ондаған триллион долларымен бағаланады.

Қазіргі таңда еліміз мұнай өндіруші елдердің қатарына кіреді – жылына 80млн тоннадан астам мұнай мен газ конденсаты өндіріледі. 2020 жылға дейін жылдық олжаны 120млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланады. Қазір Қазақстан әлем бойынша мұнай қоры 9-шы орынды алып жатыр. Сонымен қатар, мемлекет әлемдік есеп картасында көмір қорынан 8 орында, ал уран қорынан 2ші орынды алады. Бірақ,, өкінішке орай, минералды ресурстарды сатудан түскен табыс азаматтар арасында бөлінбейді, бірақ түгелдей Назарбаевқа, оның отбасына және саяси элитаға тиесілі.
1994 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық мемлекеттерінің одақтастығы жайлы жобаны ұсынды. Бұл жобаның мақсаты – диктатор Назарбаевтың жеке саяси қызығушылықтары, және де бұл жоба Ресей империясын немесн Совет Союзын қайта құру үшін диктатор Путинге де керек. 2000 жылдың 10шы қазанында Астанада ел басшылары(Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы келісімге қол қойды. 2010 жылдың шілдесінде Беларуссия, Қазақстан және Ресейдің Кедендік Одағы, ал 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. 2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім күшіне енді. Бұл бірлестік тауарлардың, қызметтердің, қаржылық және адами капиталдың үш елдің шекаралары арқылы еркін өту принциптеріне негізделген.