
Еркін Қазақтар FreeKazakhs ұйымының қысқа тарихы:
осы ұйымды құрастырушылардың бірі Абзал Лесбеков, 2016 жылы Жер митингісін Нью Йорк қаласында ұйымдастырды, Ғани Стамбек белсенді ретінде шеруге қатысты.

2018 жылы 10-шы мамырдан бастап азаматтық белсенді Ляззат(лақап аты Джордж Вашингтон) Нью Йоркта билікке қарсы тұрақты түрде шеруді ұйымдастырған, сол уақыттан бастап тұрақты түрде шерулер ұйымдастырып жатырмыз.

Нью Йорктағы Қазақ жастары 2019 жылы, 22 Наурызда FreeKazakhs деген чатты құрды, сол уақыттан бастап World Organization of FreeKazakhs ретінде бейресми ұйым ретінде қызмет атқардық, кейін ұйымның аты FreeKazakhs деген атқа өзгерді, кейін Еркін Қазақтар FreeKazakhs атауға ауысты.

2020 жылы, 29 Қантарда Америкада Құрама Штатында ресми түрде мемлекеттік емес ұйым ретінде тіркелдік. Ал Қазақстанда өзімізді партия(тіркелмеген) ретінде таңыстырамыз.

Бүгінгі таңда Америкада біздің қатарымызда 50-ге жуық белсенділер бар, партияның басшысы, Ғани Стамбек


Біздің ұйым 100% кезкелген биліктенде және оппозициялық ұйымдардан дербес және тәуелсіз.

2,5 жыл уақыттан аса 50-ге жуық шерулер, кездесулер, және басқа да акцияларды өткіздік. 2019 жылы біздің ұйым Америка Құрама Штатының Капитолий ғимаратында ресми түрде Қазақстандағы Назарбаевтің қылмыстық билігі жайлы, Ресейдің Қазақстанды жаңа отарлау саясаты, сонымен қатар Шығыс Түркістандағы(Қытай) жарты миллион Қазақ қандастарымыздың концлагерге қамалауы жайлы мәлімдеді. Сонымен қатар, Қытайдан келген қандастарымыздың Қытайда заңсыз концлагерде және түрмеде қамалған отбасы мүшелерінің 5,000-ға жуық бейне айғақтарын АҚШ сенаторларына тапсырдық. Біздің ұйым 2020 жылдың наурыз айында АҚШ-қа ресми сапармен келген Шығыс Түркістаннан қашқан, қытайдың концлагерінің тірі куәгері және жәбірленушісі Сайрагүл Сауытбаймен маңызды жоба бойынша әріптестік құрды. 2020 жылдың желтоқсан айында біздің ұйым ресми түрде Америка Құрама Штатының Бас Хатшысы Майк Помпео мырзамен кездесті, кездесу барысында Назарбаев билік жүйесінің қылмысы, Қытайдың Қазақстанды отарлауы және Шығыс Түркістандағы жарты миллион Қазақ Қытайдың жойқын геноцид саясатының құрбанына айналғаны туралы мәлімделді.